Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына баратын баланың ата-анасынан немесе олардың заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес 1 ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірінен 31 тамызына дейін жүзеге асырылады.
- Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына баратын баланың ата-анасынан немесе олардың заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірінен 31 тамызына дейін жүзеге асырылады.
- Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
- Өтініштер ES.EDU.KZ автоматтандырылған ақпараттық жүйелері арқылы өңделеді.
- Ақтөбе қалалық білім бөлімінің мәліметі бойынша 2025-2026 оқу жылында 1-сынып оқушыларының болжамды контингенті 10951 болса, оның 8108-і қазақ тілінде (74%), орыс тілінде 2843-і (26%).
Оқуға түсу кезінде көрсетілетін қызметті беруші ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап өтініш берген білім беру ұйымының қызмет көрсету аймағындағы алғашқы үш көрсетілетін қызметті алушыға оқуға қабылдау туралы, одан кейін – білім беру ұйымының қызмет көрсету аймағынан емес 1 (бір) өтініш берушіге ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап оқуға қабылданғаны туралы, бірінші тіркелгендердің ішінен білім беру ұйымының қызмет көрсету аймағынан емес 1 (бір) өтініш берушіге хабарлама жібереді.
Жаз мезгілінде мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын балаларды дайындау мақсатында қала мектептерінде дайындық курстары ұйымдастырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
- ата-анасының немесе басқа заңды өкілдерінің өтініші;
- № 065/у «Профилактикалық егу картасы» және № 052-2/у «Бала денсаулығы паспорты» нысанындағы медициналық анықтамалар;
- 3х4 см өлшемдегі баланың цифрлық фотосуреті.
Пікір жоқ
13 қаралды
Авторы: alihan.esentai
Қосылды: 05.03.2025 в 09:25